COVID-19: Тест қай кезде дұрыс көрсетпейді?

814

0

Коронавиурсты анықтау үшін тапсырылатын тестте ағзада вирус барлығы неге анықталмайтыны жайында орыс вирусолог ғалымы айтып берді.

Ресей Жоғары экономика мектебі Денсаулық сақтау институтының директоры Лариса Попович тест бойынша вирус анықталмауының себебін айтып берді.

Ғалымның түсіндіруі бойынша  тест тапсырған уақытта инфекцияның анықталуы вирустың белсенді қалыпта ма, әлде ағзаның иммундық жүйесінің шабуылынан әлсіреген  күйінде ме соған байланысты көрінеді. Егер белсенділігі азайып, әлсіреп тұрған болса көрінбей қалады екен. Мұндай жағдайларда  тест антигенді дұрыс таба алмай адасып, өзге вирустан қалған іздерді көруі мүмкін. Сондықтан тесттерді бірнеше рет тапсыру қажет, әйтпегенде тасадағы вирус сол жасырынған қалыпында қалады дейді институт директоры.  

Попович бүгінгі күнге дейін Ресейде вирустың 100 ден астам штаммы анықталғанын, ал тесттердің 4 пайыз шамасында ауытқитыны жөнінде айтқан.

Egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<