ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында дүние жүзі мемлекеттері үшін әлемдік қаржы дағдарысы секілді ауыр сынақтар болып өткені белгілі. Елдер мен континенттерді тітіренткен жаһандық дағдарыс бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс еді. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жатқызылды. Әлем мемлекеттері дағдарыстан шығу кілтін іздестіре бастады. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тұрақты түрде өзінің салмақты саясатымен ерекшеленді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Ғаламдық шақырулар және Елбасының дағдарысқа қарсы саясаты» тақырыбында өткен эксперттік талқылауға қатысушылар бірауыздан осындай пікір білдірді. Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Қали Омаров жүргізген эксперттік талқылауға осы білім ордасының М.Елпанова, А.Ахметова, А.Наурызбаев, А.Шайнұров, Ә.Жаппасбаев, Н.Қусаева және В.Мирсаякова сынды ғалымдары қатысып, тақырыпқа байлынысты, өздерінің ойларын ортаға салды.
Спикерлер өз сөздерінде тарихтағы талай елдердің тәжірибесі көрсеткендей, тамыры тереңге кеткен қаржылық дағдарыстан шығу мен тұрақты әлеуметтік экономикалық дамудың даңғылына түсу әрдайым алысты көздеген, мұқият ойластырылған ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарды айқындаудан бастау алатынын жеткізді. Олар, сондай-ақ, Қазақстанның дамуына басты серпін берген Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы болғанын айрықша атап өтті. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен міндеттірді пайымдаған маңызды серпіліс болды.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<