Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев «Бесарық» шаруашылығында Қызылорда облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Мұрат Бахтиярұлы және «Абай Даулет» ЖШС-нің директоры Мұрат Абайұлымен егіс алқабында болып, дән себу рәсіміне қатысты.
«Бесарық» шаруашылығының негізгі бағыттары егін егу және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру. Ағымдағы жылы негізгі өнім Сыр салысын 516 гектарға егіп, жаңа жоңышқа 55 гектарға, ескі жоңышқаны 303 гектарға күтімге алған.
Алғашқы дән себу рәсімінде өнім мол болып, қамба астыққа толып, құт-береке дарыған жыл болсын деп ауылдың еңбек ардагері Құлмағанбетов Ерболат ақсақал бата беріп, сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, аудан басшысы «Бесарық» шаруашылығына қарасты түйеқұс шаруашылығының жұмысымен танысты. Ағымдағы жылдың қаңтар айында әкелінген африкалық түйеқұстың әрқайсысы 400 мың теңгеден сатып алынған. Шаруашылықта 24 түйе құс бар. Алдағы уақытта инкубатор арқылы түйеқұс саны 100-ге дейін көбейтілмек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<