Дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қарқынды

391

0

Биыл ауданға қарасты Бозкөл, Кәукей және Абай ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталған болатын. Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Бозкөл ауылындағы жаңадан бой көтеріп жатқан денсаулық нысанына барып, құрылыс жұмыстарының барысын көрді.

Жаңа үлгідегі заманауи нысан іске қосылғанда мұнда аптекалық бекет, қабылдау және оқшаулау бөлмесі, лаборатория, физиотерапиялық емдеу мен күндізгі емдеу кабинеттері жұмыс істейтін болады. Амбулатория бір мезгілде 20 адамды қабылдап, 14 тұрғынға стационарлық ем қабылдауына лайықталған.

Өз кезегінде аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы халық игілігі үшін салынып жатқан дәрігерлік нысанының сапалы әрі уақытылы аяқталуы үшін ауыл әкімі мен мердігер мекеме бірлесе жұмыс жасау қажеттігін айтты. Сондай-ақ жауапты бөлімге құрылысты орындау барысын ұдайы бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

Айта кетейік, жалпы сомасы 400 млн. теңгеге жуық қаржы құрайтын бұл жобаны мердігер мекеме – «Болашақ» ЖШС атқаруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<