Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде 27-28 қаңтар күндері «Дәуір данасы» атты тағылымды тәрбие сағаттары өтті.
1-10 сыныптарда өткен сыныптан тыс тәрбие сағаттары аса көрнекті мемелекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы,жоғары дәрежелі ордендер мен медальдарының иегері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына байланысты ұйымдастырылды. Сыныптан тыс тәрбие сағаттарының мақсаты – қазіргі жасөспірімдерге Д.А.Қонаевтың іскерлік қабілетін, мәдениеттілігін, халық дәстүрін жақсы білетін, тағлымы терең, шоқтығы биік дара тұлғасын жас ұрпаққа насихаттау.
Тағылымды тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілер қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың өмірі өмір мен еңбектері жайлы арнайы дайындалған бейнероликтермен шолу жасап, оқушыларға таныстырды. Сонымен бірге оқушыларға қоғам қайраткері туралы айтылған нақыл сөздері, өмірбаяны, еңбектері туралы кітаптардан мағлұматтар берді.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, тарихи тұлға туралы білімдерін арттырды. Жас ұрпаққа ұлтын сүйіп, құндылығын қастерлеу үшін рухани тәлімі мол іс-шаралар жалғасын табатын болады.
Айбол ҚОЗЫБАҚОВ,
№105 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қармақшы ауданы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<