Дәстүрлі құндылықтардың қазіргі қоғаммен байланысы

1221

0

Дәстүр мен қазіргі заман кез келген қоғамның дамуындағы элементтер. Кейбір адамдар дәстүрлі құндылықтар қазіргі қоғаммен үйлеспейді деп санайды. Өйткені қоғам дәстүрлі құндылықтарды ұстанатын болса, біртіндеп ескіреді және елдің дамуы жаңа білімді игеру арқылы жүреді. Алайда, құндылықтар қазіргі қоғам үшін өзекті. Өйткені олар қазіргі заманның дамуына негіз, адамдардың негізгі құндылығы саналады.

Қоғамда мәдениеттің ерекшеленіп, өзгерістерге ұшырауы белең алып келеді. Бұның себептері өте көп. Мысалы, еліміздің әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттермен байланысы, интернет желісіндегі түрлі роликтер мен қызықты салт-дәстүрлер, жалпыға ортақ мәдени ережелер, батыстық заманауи үлгілерге еліктеу, шетелдік телесериалдар, шет елден білім алып келгендер, той ұйымдастырушы орталықтар және т.б. факторлар әсер етуде. Сондықтан да мәдени құндылықтарды сақтап қалу маңыздылығы артуда.

Жақсы дәстүрлердің тағы бір артықшылығы – адамдар үшін жеке құндылықтар қалыптастырады. Перспективалық стандарттар дәстүрлі құндылықтар негізінде қалыптасады. Пайдалы дәстүрлерді ұстану адамдарға ненің қолайлы және қолайсыз екенін түсінуге көмектеседі, сәйкесінше олар өздерінің жеке басын жетілдіреді және өз қоғамының дамуына үлес қосады.

Тағы бір проблема – елдің дамуы дәстүрлі құндылықтарды емес, жаңа білімдерді меңгеру арқылы жүреді. Дегенмен, дәстүрлі мәдениет пен әдет-ғұрып адамдарға қазіргі қоғамдарды қолдауға және құруға көмектеседі. Жапонияның мысалын қарастырайық. Жапония – әлемдегі ең заманауи елдердің бірі. Онда дәстүрлер ғана емес, қазіргі заман да қатар өмір сүріп келеді. Бұл дәстүрлі құндылықтардың қазіргі қоғам үшін өзекті екенін дәлелдейді. Сол сияқты, біздің қоғамымызда да жаңадан еніп жатқан дәстүрлер баршылық. Мысалы: гендер пати, түрлі-түсті кештер, ер адамның әйелдің босануына қатысуы, торт үрлеу және т.б. дәстүрлер бұрыннан келе жатқан дәстүрлердің орнын басып келеді.

Алпамыс батыр эпосынан белгілі қазақтың «Құрсақ шашу» деген дәстүрі бар. «Құрсақ шашу» тойы аяғы ауыр келініне көңіл бөліп, оның көңілін көтеріп, тәжірибесімен бөлісу ниетімен өткізіледі. Өкінішке қарай, бұл дәстүр ұзақ жылдар бойы «ұмытылған» дәстүрлер тізімінде қалды. Бұл әдемі әдет-ғұрыпты қайта тірілту біздің қолымызда, бұл тұста, ескі дәстүрлер мен инновациялық дәстүрлердің арасындағы қарым-қатынастың дұрыс деңгейде қалыптасуы маңызды.

Қазақы қалпымыздың осындай мағыналы дәстүрінің сынын қолдан кетіріп жатқанымызды бүгін ғана аңғарып отырған жоқпыз. Уақыт өткен сайын өз салтымызға, күнделікті тіршілігімізге ұлттық болмысымызға жат қылықтар қалай еніп бара жатқанын байқамай барамыз.

Қазақтың ұлттық болмысын сақтап қалатын кілт – рухани дүниеміз, тәрбиесі мол дәстүріміз, салтымыз мен ғұрпымыз екенін ұмытпағанымыз жөн.

Мақпал СЫЗДЫҚОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<