Дағыстанда үш күн қатарынан қаралы күн жарияланды

236

0

Фото: ашық дереккөз

Дағыстанда 24-26 маусым аза тұту күні болып жарияланды. Тиісті жарлыққа аймақ басшысы Сергей Меликов қол қойды, деп хабарлайды оның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аза тұту күндері Дағыстан Республикасының барлық аумағында мемлекеттік ту түсіріледі. Дағыстанда орналасқан мәдени мекемелер мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық бағдарламаны тоқтатады. ️»Дағыстан үкіметіне қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 24 маусымға қараған түні Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар жасалған. Салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<