Дала күйін жүрегіне сіңірген

1908

0

Көзіқарақты оқырманға журналист Бейбітбек Бүркітбайұлының есімі жақсы таныс. Еңбек жолын  «Жаңадария» газетінен бастап, әр жылдары республикалық «Құқықтық Қазақстан», «Заң газеті»,  «Дала мен қала» басылымдарының аймақтағы меншікті тілшісі болды. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.

Зейнет жасында да шығармашылықтан қол үзбеген ардагер журналистің «Зәнжілді зар» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Жинақта автор туған елі мен жерінің әсем табиғатын, ондағы адамдардың тыныс-тіршілігін жырмен жеткізген.

Жинақтың алғысөзін жазған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толыбай Абылаев «Қазіргі заманда туған бұл жыр көкірегінде сәулесі бар жандарға жақын. Ал ақша мен байлықтан басқаны көрмейтін көрсоқыр пенделерге айтылған мұңы жебе дер едім» деп пікір білдірген.

Кітапта аты айтып тұрғандай, пенденің мұң-зары, сағынышы, сезімі жырға арқау болған. Жүрек түкпіріндегі сезім сыры өріліп, өрнектеліп өлеңге айналған. Тіл мен ділді әспеттейді. Оқырманына ұлтжандылықты насихаттайды.  Сондай-ақ елге қызмет етіп құрметке бөленген зиялы қауым өкілдеріне арналған балладалар да енгізілген.

Ақынның өлеңдер жинағы қалың оқырманға жол тартты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<