Дала өрттерінің алдын алу жаттығуы өтті

682

0

Бүгін далалық жерде өрт пайда болған кезде, ерікті өрт сөндіру жасақтарының және мекеме ұйымдардың дайындығын тексеру мақсатында Қазалы қаласы мен Қарлан жолының аралығындағы “Қарақұм” орманшылығында орман шаруашылығы мекемесімен бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу жұмыстарына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, өрт жағдайы орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігін тексерді.

Оқу-жаттығу құрамына Қазалы ауданының шұғыл ден қою жиынтық жасағынан 99 жеке құрам және 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Дала өрттерінің алдын алу жаттығуы өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<