Дамыған мемлекет – сыбайлас жемқорлық көрінісі жоқ мемлекет

398

0

1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы пәрменді Заң қабылданды. Елбасының биылғы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауында біз елдегі сыбайлас жемқорлық денгейін төмендету бағытында, елеулі қадамдар жасадық. Алайда басты назар көбіне сыбайлас  жемқорлықтың салдарымен күресуге  аударылып отыр. 
Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттілігін атап көрсетті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталады. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін қоғамда кең етек жайған жемқорлық ауыздықталмай отыр. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз заң тілімен айтсақ: «Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы». «Алтын көрсе періште жолдан таяды», – демекші, дәл бүгінгідей материалдық құндылықты өмірлік мақсат еткен заманда қызметіне адал болып қалу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні ақиқат. Парақорлық пен сыбайлас жемқорлық – әртүрлі лауазымдағы мемлекет ісінен гөрі, өз жеке басының қамын жоғары қоятын қызметкерлердің жауапсыздығынан туындап отырғаны да жасырын емес. Сондықтан әрдайым мемлекеттік қызметкерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен жеке басының тәртібі талап етіліп, баға берілуі қажет. Бұл тұрғыдан келгенде Жалағаш аудандық әділт басқармасымен семинарлар, дөңгелек үстелдер жиі ұйымдастырылып отырады. Сондай-ақ, Қызылорда облыстық әділет департаментінің жұмыс жоспарына орай өткізілетін іс-шараларда үнемі сыбайластыққа жол бермеу мақатында түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.
    Сонымен қатар Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы шенеуліктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық көріністері  үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  саласын дамыту мен мемлекеттік аппаратың жұмысын ақпараттандыру жөнінде кешенді шаралар қабылданды.
    Әділет басқармасы  ұсынатын  құқықтық  көмек көрсетуді және заңды қызметтер көрсетуді ұйымдастыру мен құқықтық насихатты,зияткерлік  қызмет құқықтарын  қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді  қамтамасыз ету болып табылады.
    Сыбайлас жемқорлық көріністерін  барынша азайтуға және  алдын алу бағытында Әділет органдары  алғашқы кезекті міндеттерінің бірі «Электронды үкіметті» дамыту.
    Министрліктің өз қызметтерін тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жақсарту бағытында  мейлінше тиімді  орындауына бағытталған.
   Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландыруға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жойып, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электронды форматқа көшіру жүзеге асыру.

Э.Сматова,
Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы,
«Қазақстан заңгерлер» Одағының  мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<