«Дара тұлға» акциясы өтті

323

0

Фото автордан

“ҚХП” Қызылорда облыстық филиалы мен “Жас журналистер одағы” бірлесіп, Қазақстан Халық партиясының 20 жылдығына орай «Дара тұлға» акциясы аясында қоғам қайраткері, өлкетанушы, белгілі қаламгер Сағат Жүсіптің 80 жасқа толуына орай іс-шара өткізді.

«С.Жүсіп зерттеулеріндегі нәубет-зобалаң мәселесі (1920-1930 жж.)» атты ғылыми-танымдық конференцияға қоғам қайраткері, өлкетанушы Жүсіп Сағат Есмаханұлы, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ибраев Уәлихан Серікұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, география ғылымдарының кандидаты Омаров Қали Әбдіұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының
Магистрі Ахметбек Бақытжан Мүкарамұлы, «Жас журналистер одағы» ұйымының төрағасы Баймаханов Самат Түлкібайұлы, партия белсенділері, қала тұрғындары қатысты.

Конференция барысында «Қазақ жерінде болған ашаршылық тақырыбындағы Ресей мен Қазақстан тарих мамандары арасындағы тартыстық пікірлер хақында», «Нәубет-зобалаң тарихынан кейбір деректер», «1930 жылдардың басындағы Арал концлагері: жаңа деректер мен дәйектер», «1930 жылғы Сыр бойындағы көтерілістер: себептері мен салдары» атты баяндамадар оқылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалып, құттықтаулар айтылды.

Іс-шара сонында мерей той иесіне «Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаровтың құттықтау хаты табысталып, сый-сияпат көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<