Дария деңгейі бақылауда

766

0

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жұмыс сапарымен дария бойындағы ахуалды бақылады. Алдымен аудан басшысы «Ә.Тыныбаев» атындағы Қазалы су торабына барып, жай-күйін саралады.

Қазіргі таңда Сырдария өзенінің бойында мұз ұстасуда. Мұздың қалыңдығы орташа есеппен 45 см. Бүгінде су қоймасына 246 текше метр су келуде. Оның 6 текше метрі «Ақсай» және «Сол жаға» каналдарына жіберілуде. Ал қалған 240 текше метр су дарияның төменгі бөлігіне қарай жіберілуде.

Мұнан соң аудан әкімі «Абай» елді мекенінің және «Қарлан» учаскесінің жанындағы қорғаныс бөгеттерін аралады. Сонымен қатар, тиісті сала басшылары мен дария бойындағы ауыл әкімдеріне су деңгейін қатаң бақылауда ұстап, мол судың кедергісіз қозғалысын және ауыл-аймақтарға қауіп төндірмеуін бақылауды тапсырды.

Сырдария өзенінің ахуалы аудан әкімінің тұрақты бақылауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<