Дефектологтарға көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді

281

0

Фото: Өрлеу Қызылорда

Ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балаларды сапалы біліммен қамту – еліміздің білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары елімізде арнаулы білім жүйесінде ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалуда.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Орта білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педагогтің (дефектолог-мұғалімнің) кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына көшпелі тәжірибелік семинар өткізілді.

Көшпелі тәжірибелік семинар жұмысы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында балаларды түзету әдістемелері мен әдістері саласындағы педагогтердің білімдерін жаңартуға және кеңейтуге; ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда олардың денсаулығына мән бере отырып, әртүрлі жаттығулар жасату және жұмысты жүйелі жүргізуге кеңес беруге бағытталған.

Қызылорда қаласындағы №1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінде өткізілген «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда денсаулық сақтау технологиясын қолдану» тақырыбындағы әдістемелік шарада кабинет мамандары практикалық сабақтар көрсетті.

Семинардың әдістемелік бөлімінде түзету кабинетінің дефектолог, педагог-психолог, логопед мамандары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдары, «Магиум» пішіндер әлемінде. Мобильді еден «Magium», интерактивті үстел көмегімен баланың ойындық қабілетін дамыту, «Рр» дыбысын сөзде машықтандыру. ArtikMe – ақылды айна. Түс және пішін. «Нумикон» дидактикалық материал жүйесі, «Ойын арқылы дамыту» кешені тақырыптары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қорытындысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмыстарындағы проблемалар, кемшіліктер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Алдағы уақытта курстан кейінгі қолдау мақсатында дефектолог мамандарға әдістемелік кеңес беру қызметтері жүргізіліп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын әдістемелік шаралар жалғасатын болады.

Нұрманова Венера,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<