Декретте отырған аналарға 42 500 теңге беріле ме – министр жауабы

363

0

Декретте отырған аналарға 42 500 теңге беріле ме – министр жауабы Декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жинақтық төлемді төлеп, 42 500 теңгеден үміттенуіне болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бірыңғай жинақтық төлем төлей салсам, ресми жұмыс істемей жүрген адам ретінде 42 500 теңге бере салатын шығар» деп ойлайтын азаматтарға айтарым: егер сіз қазір жұмыс істеп жүрсеңіз немесе жеке кәсіпкер болсаңыз, басқа әлеуметтік төлемдер алып жүрсеңіз, «42 500 теңге алам» деген ойыңыз дұрыс емес», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Ол декреттегі әйелдерге аталған төлем беріле ме деген сұраққа жауап берді.
 «Оларға бала күтімі үшін бала бір жасқа толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бір жылдан асқаннан кейін олар жұмысқа шығар еді, бірақ төтенше жағдайға байланысты ешкімді жұмысқа алмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жинақтық төлемді төлеп, 42 500 теңгеден үміттенуіне болады», – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<