«Nur Otan» партиясының кезектен-тыс ХХІ съезіне қатысатын Сыр өңірінен делегаттар сайланды
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы өтті. Онда 28 қаңтар күні өтетін партияның кезектен тыс ХХІ Съезіне Сыр өңірінен қатысатын делегаттар сайланды.
Жиында облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Г.Әбдіқалықова кеңес мүшелерін Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға шақырды.
Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Біз партияның барлық құрылымдық бөлімшелерін қажетті тәжірибе мен мүмкіндіктерді, күш-жігерімізді Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің толыққанды орындалуына жұмсап, осы бағыттағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыруымыз керек»,- деді филиал төрағасы.
Атап өту керек, 28 қаңтарда партияның кезектен тыс ХХІ Съезі өтеді. Онда партияның алда тұрған негізгі міндеттері мен бағыттары айқындалатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<