«Дельта» штамы Уханда табылған алғашқы штамға қарағанда 2 есе жұқпалы – ДДСҰ

880

0

Коронавирустың үнді нұсқасы Уханда табылған алғашқы штамға қарағанда екі есе жұқпалы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сваминатанның айтуынша, таралу жылдамдығын ескерсе, коронавирустың «дельта» нұсқасы әлемдегі басым штамға айналуы мүмкін.

«Жақсы жаңалық, қазіргі уақытта әлемде қолданылып жүрген вакцинаның көпшілігі ең болмағанда, ауыр сырқаттану жағдайының алдын алуда тиімді көрінеді», деді Сваминатан.

ДДСҰ мәліметі бойынша, «дельта» штамы әлемнің 92 елінде тіркелген.

Бұған дейін Қазақстанда да табылды деген қауіп анықталғаны хабарланған болатын . Нұр-сұлтанда пациенттердің 56 пайызында алдын ала расталған. ВАК карантин шектеулерін күшейту туралы шешім шығарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<