Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

1052

0

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның территориясына өз ықпалын тигізуін жалғастырып жатыр. Соның әсерінен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің солтүстік бөлігінде ауа температурасы төмендейді.

Сондай-ақ, республиканың кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел күшейеді.

Оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Тек батыста антициклонның арқасында жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<