Демалыс мәнді өтсін десеңіз…

440

0

Демалыс мәнді өтсін десеңіз... Кейде біз жұмыстан қатты шаршағанда сенбі мен жексенбінің қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Бес күн бойы күткен демалысымыз жақсы өтсін десек, мына жазбаға мән берейік. 
Ұйқының жоспарын дұрыс орындаңыз
 Күні сайын таңертеңнен қара кешке дейін жұмыс жасап, келген соң үйдің тірлігін жайғастырып байыз таппайтын әйелдер қауымы үшін ұйқы арманға айналады. Бірақ сенбі және жексенбі күндері шама келгенше ұйқыны ренжітпеуге тырысу керек. Өйткені ұйқысы қанбаған әйелдің алдымен жүйкесі шаршайды, сосын өңі қашады. Ал әйелдің жүйкесі шаршаса, үй ішіндегі ауа-райы қолайсыздау болады. Ал өңі шаршаса, әдемі жүзі солғын тартып қалады. Қанбаған ұйқының бұдан өзге тигізер залалдары бар. Сондықтан бастан асатын ісіңіз болмаса, демалыс күндері ұйқының жоспарын дұрыс орындаңыз. Тек бүкіл күнді ұйқыға арнамаңыз.
Көптен көріспеген жанмен кездесіп, әңгіме-дүкен құрыңыз 
Бес күндік күн тәртібімен жұмыс жасап, екі күн демалатын қызметкерлер демалыс күндеріне көп жоспар құрады. Сұлулық салоны, дүкен, үй тазалығы, бітіруге тиіс шаруалар, ағайын-туыстар, дос-жарандар… Мұның бәріне уақыт табу тағы бір мәселе. Әйткенмен демалыс күнін көптен бері көрмеген, кездесуге уақыт бөле алмай жүрген танысыңызға жұмсаңыз. Мұның берер пайдасы көп.
Өзіңізге уақыт бөліңіз 
Аптаның қай күні, қай сағаты болса да, өзіңізден уақыт аяушы болмаңыз. Он минут болса да, бес минут болса өз бітіміңіздегі мініңізбен күресіңіз. Үйіңіздегі жарыңыздың алдында «сенбі-жексенбі ғой» деп алқам-салқам болып жүрмеңіз.
 Дәмді тағам пісіріңіз
 Бұл күні ерекше тағамдар жасап көруді әдетке айналдырыңыз. Ерекше дәмді тағам сізге ғана емес, басқа да отбасы мүшелеріне жақсы көңіл-күй сыйлайды. Аптаның әр демалысында жаңа тағам үйренуді өзіңізге міндет санаңыз. Бір жылда жан-жақты аспаз болып шықсаңыз, таң қалмаңыз.
Туыстармен хабарласыңыз 
Қауырт жұмыс барысында жүріп, туыстармен хабар-ошарсыз кеткен дұрыс емес. Қанша дәрежесі биік, жұмысы көп қызметкер болсаңыз да, ағайын-туыстан алыстап қалмаңыз. Демалыс – олармен хабарласып, жағдайларын білудің нағыз уақыты.
  Қонаққа барыңыз 
Бұл күндері қонаққа барып, әлдебіреудің төрінде отырып кеткеннің де көңіл-күйге әсері бар. Үй иесіне дүкеннен тәттілер алып, өзге шаңырақтың есігін қаққан да дұрыс.
Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<