Демалысқа шыққыңыз келе ме?

511

0

Фото: ашық дереккөз

«Жұмысты қоса атқарсаңыз, демалысты да қоса демаласыз» дейді облыстық кәсіподақ ұйымынан Майра Боранбаева. Назарларыңызға маманның жазбасын ұсынып отырмыз.

Бекітілген демалыстар кестесіне сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысына шығып бастағандарыңыз бар болар.

Осы ретте қосымша айта кетейін, қанша ақпарат болса да бұл сұрақ өте көп кездеседі: жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыскерге жұмыс істеген бірінші жылы да, келесі жылдарда да 📌жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі . Ол үшін тараптардың келісімі болса, жеткілікті.

Еңбек кодексіне сәйкес қоса атқарылатын жұмыс дегеніміз – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы(яғни, келесі тағы бір жұмыс).

Қоса атқаратын жұмыс орынындағы жұмыс беруші жұмыскердің негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы толық хабардар болуы тиіс. Бұл Еңбек Кодексінің 32 бабында көзделген, нормаға сәйкес жұмыскер жоғарыдағы ақпараттардың барлығы бар анықтаманы қоса атқаратын жұмыс орынына ұсынуы қажет.

92 бапқа сәйкес, қоса атқаратын жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі. Егер ол демалыстың ұзақтығы негізгі жұмыстағы демалыстың ұзақтығынан аз болса, қоса атқарушы жұмыскер өтініш білдіре алады. Өтінішке сәйкес жұмыс беруші демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді.

Елдегі қымбатшылық қыспағы халыққа оңай болмай тұр, жұмыскерлер қоса атқаратын жұмыс іздеуге мәжбүр. Мұндай жұмыс табылған күннің өзінде еңбек заңнамасына сәйкес ол кез келген уақытта жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, егер тағы бір жұмыскер үшін осы жұмыс негізгі болып табылса..

Назар аудару қажет, негізгі жұмыс орнындағы мен қоса атқаратын жұмыстың күнделікті жиынтық ұзақтығы 12 сағаттан аспауға тиіс(Еңбек кодексінің 68,71 баптары), қалай болғанда да денсаулық бәрінен қымбат.
Және, денсаулық демекші, еңбек заңнамасы бойынша денсаулық сақшылары ғана, яғни медицина қызметкерлері ғана зиянды,қауіпті жұмыстарда жұмыс істесе де, қоса атқаратын жұмысқа орналаса алады, ал басқаларға тыйым салынған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<