«Денемді сезбей қалдым»: Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше сәтті есіне алды

429

0

Фото: ашыө дереккөз

Эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлінің әйелі, блогер Толқын Тұрарбекқызы жүктілігінің қалай өтіп жатқанын айтып, ауруханадан жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер келіншек алтыншы баласына аяғы ауыр екенін айтқан еді. 

“Род зал. Жансақтау бөлімі. Қатты шөлдеп жатырмын. Медбикелерге өтініп су беруін сұрасам да ешкім көңіл аудармайды. Балам туралы хабарды да ешкім айтпады. Бас айналғандай болады. Ұйқым да келді. Бірақ бар уайымым шалабай баламның жағдайын білу болып тұр. Бірақ белден төмен қарай денемді сезбеймін. Аяқтарымды қанша ұрсам да, жаны жоқ. Ал балама қалай жетемін? Қиналсам да, аяқтарым сәт тіріле бастағанда, коридордың шетімен ақырындап балалардың жансақтау бөліміне жеттім. Шүкір ұлымды көріп, көзіме жас үйірілді. Аналық махаббат – үлкен құдірет екенін тағы сезіндім», – деп бесінші ұлының қалай дүниеге келгенін есіне алды. 

Желі қолданушылары денсаулығына алаңдап жатқан оқырман қауымға түсіндіріп, босануға әлі ерте екенін айтты.

“Дәл осылай 3 жыл бұрын кіші ұлым осы перзентханада дүниеге келген. Қазір жүктілік кезеңін сақтау бөлімінде. Біраз күнге жатқызып койды. Босануға уақыт бар. Сол кездерде ішім толган уайым, тынышсыздықта жүрген екенмін. Шынайы тыныштықтың не екенін сезінбей жүре беруге де болады екен. Айтқым келетіні, сіздің ішкі әлеміңізді ешкім білмейді. Түсінбейді. Ішкі сезіміңізді де. Сондықтан әр адам өзіне тірек бола білуі маңызды», – деп жазды ол.

Еске салайық, әнші Төреғали Төрәлі желіде жұбайымен түскен видеосын жариялап, жұрттан құттықтау естіді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<