Денсаулық саласында қолдау жетерлік

1211

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақ тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға дейін 75 жасқа және медициналық қызметтің сапасын 80 пайызға арттыру көзделген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет мәлімдеді.
Қазіргі таңда облыс халқына 2 мыңнан астам дәрігер қызмет етуде. Медицина саласында сапалы қызметкерлерді көбейту мақсатында биыл арнайы 24 грант бөлінді. Сондай-ақ, 575 дәрігер мен 738 орта буын қызметкері білімін жетілдіруде. Бұдан өзге де саладағы мәселелерді облыс әкімінің орынбасары тарқатты.

  • 2023 жылдың 1 қыркүйегіне облыстағы бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына 817 600 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 82,4 пайызы мемлекеттік медициналық ұйымдарға тіркелген болса, 17,6 пайызы жеке медициналық ұйымдарға тіркелген. Тұрғындарға 25 стационарлық, 26 амбулаториялық-емханалық, 100 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік акушерлік бекет, 97 медициналық бекет, шалғай елді мекендердегі халыққа 6 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Қаламызда денсаулық сақтау саласына қатысты бірнеше әлеуметтік ғимарат бой кетермек. Биыл бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 2,9 миллиард теңгені құрайтын Қан орталығының құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, 9 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылуда.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<