«Денсаулық сақтау министрлігі көзді емдеуге субсидия төлемек» – фейк

524

0

 beloptika.by

Желіде «Оңалту бағдарламасы шеңберінде» қазақстандықтар бюджеттен «100%-ға дейінгі жеңілдікпен» субсидия ала алады» деген ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, авторлар ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасайды. Бұл жалған.

Хабарландыруға сәйкес, субсидия алу үшін үш сұраққа жауап беру керек. Одан әрі сілтеме «көзді онлайн тексеру» парақшасына апарады. Пайдаланушылар жасын жазып, тізімінен көруге қатысты ықтимал проблемаларды таңдап, экранда қозғалып тұрған кескінге қарап «тексеруден» өтуі керек. Содан кейін шыққан жарнамалық мәтінде көзге арналған тамшылар сатып алу ұсынылады. Оны «қазақстандық ғалымдар әзірлеген» екен, ал сатып алу кезінде жеңілдік жасау «Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен» мүмкін болған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бұл хабарламаны жоққа шығарды.

«Субсидия төлеу» туралы хабарландыруда оның жалған екенін білдіретін бірнеше белгі бар. Біріншіден, министрліктің атауы қате жазылған: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» дегеннің орнына «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бөлімі».

Екіншіден, жарнамалық мәтінде көз тамшылары «Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас офтальмологы саналатын Алмазбек Исманқұловтың қатысуымен жасалғаны айтылған. Шын мәнінде офтальмолог-хирург, профессор Алмазбек Исманқұлов Бішкекие тұрады және жұмыс істейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне оның ешқандай қатысы жоқ.

Олай болса, қазақстандықтарға көзді емдеуге субсидиялар төленетіні туралы таралған хабарлама жалған. Көз тамшыларын сату туралы күмәнді хабарландыру алаяқтардың немесе жосықсыз сатушылардың ісі болуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<