Денсаулық сақтау министрлігі салауатты өмір салтын насихаттауға қанша ақша жұмсайды

550

0

Сурет: pexels

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салауатты өмір салтын насихаттауға бюджеттен қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қаржы негізінен денсаулық мектептеріне, темекіге қарсы кабинеттер мен жастар орталықтарына түседі.

«Қандай қаражатты жұмсайтынымызды білгіңіз келсе: темекі шегудің алдын алу үшін медицина қызметкерлері мақсатты жұмыс жүргізеді. Бұл – салауатты өмір салтын насихаттау. Әр емханада, сауықтыру кабинеттерінде немесе мектептерде темекіге қарсы кабинеттер, жастар орталықтары ашылады. Онда балалар мен жасөспірімдер тек темекі шегудің қауіп-қатерімен ғана емес, алкогольдің, есірткінің қаупімен де танысады. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын аймақтарға 500 млн теңге бөледі», – деді Ажар Ғиният.

Ол темекі шегудің және салауатты өмір салтын бұзудың басқа да салдарымен ауыратын науқастарды емдеуге жұмсалатын қаражатпен салыстырғанда бұл аз сома екенін айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігі темекі шегудің салдарын жоюға ақша жұмсайды. Біз темекі шеккеннен және салауатты өмір салтын бұзғанынан ауыратын науқастарды емдейміз. Темекі шегу жүрек-қан тамырлары және тыныс алу органдарының ауруларына, қант диабеті сияқты түрлі ауруларға әкеледі. Денсаулық сақтау министрлігінің осы науқастарды емдеуге жұмсайтын шығынын қарасаңыз, бұл жылына шамамен 300 миллиард теңге. Бұны темекі шегудің зардаптарына: ота жасауға, емдеуге, дәрі-дәрмекке, оңалтуға жұмсаймыз», – деді Ажар Ғиният.

Бұған дейін министр мамандарға бара алмай жүрген қазақстандықтардың шағымы туралы айтқан еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<