Денсаулық сақтау вице-министрі қамауға алынды

669

0

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті растады.

«Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті Экономикалық тергеу қызметі қамауға алды», – деді комитеттен.

Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді.

Айта кетсек, Олжас Әбішев 2018 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<