Департамент басшысы таныстырылды

569

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлын таныстырды.

Б.Жұмағұлов 1983 жылы Арал ауданында дүниеге кел­ген. Қорқыт ата атындағы Қы­зылорда мемлекеттік уни­верситетін «Құқықтану» ма­мандығы бойынша бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясы «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасының «Бизнес және басқару» магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Арнайы құқықтық пәндер» кафедрасының лаборанты болып бастаған. 2007-2018 жылдары Арал аудандық жер қатынастары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің бас­шысы, аудан әкімі ап­па­ратында түрлі жауапты қыз­меттер атқарған. 2018 жылдан осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары болған.

Аймақ басшысы жаңадан та­ғайын­далған департамент бас­шысына сәттілік тіледі.

– Бектемір Ұлыбекұлы жи­нақ­таған мол тәжірбиесін күр­делі де жауапты жұмысқа, еңбек қатынасындағы дау­ларды орнықты шешуге, жұ­мысшылардың құқығы мен ұжымдық тұрақтылықтың сақталуына, әлеуметтік-еңбек қаты­нас­тарын реттеуге жұмсайтын болады.

Жаңадан тағайындалған әріптестерімізді құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз, – деді облыс әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<