ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУДАН АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

406

0

Қармақшы ауданына жұмыс сапары барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері аудан активімен кездесу өткізді.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары М.Самитов ашып, жүргізіп отырды. Актив жиналысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, әдеп нормаларына қатысты, облыстағы және Қармақшы ауданындағы сыбайлас жемқорлық профилактикасының жай-күйі туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде хабарламалар жасады.
Сонымен қатар, жиналысқа қатысушыларға «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы (Покетбук) таратылды. Кездесу барысында қатысушылардан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<