Дерек пен дәйек

610

0

• Сыр өңіріне басқа ұлттардың қоныстануы 1870 жылдардағы Орал казачествосындағы бүлікті басқаннан кейінгі 2 мыңға жуық казактың жер аударылуынан басталды.

• 1897 жылғы Бүкілресей сана­ғының деректерінде Сыр өңірінде 60 ұлттың өкілі тұрады деп көр­сетілген.

• Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында бұл жерге қоныс аударушылар саны күрт өсті. Оның бір себебі – «Орынбор-Ташкент» теміржолының салынуы. Соғыс кезінде одан қашқандар мен эвакуа­­цияланғандар, тұтқындар келді. 

• Кеңес өкіметінің күштеп қоныс аудару саясатының құрығына алдымен корейлер ілікті. Бұл науқанның алғашқы кезеңі 1935 жылы, екінші кезеңі 1937 жылы жалғасты. Онда Қиыр Шығысты мекендейтін корей­лердің 98 454 адамы бар 20 789 отбасы көшірілді. Оның 50 мыңы Сыр өңіріне әкелінді.

• Кеңес Үкіметі Президиумының 1941 жылы 28 тамыздағы қау­лы­сымен Еділ бойында, артынша Кавказда тұрып жатқан немістер жер аударылды. Сол жылдары Қызылорда облысына қоныс аударған немістер саны – шамамен 3000 мен 5000 аралығында. 

• 1944 жылы 26 мыңнан астам  шешен, ингуш ұлтының өкілі Арал мен Жаңақорған аудандарының аралы­ғына қоныстандырылды.

• Месхетин түріктерінің 2 мыңға жуық өкілі де облыстың барлық ауданына орналасты.

• 1949 жылы грек ұлтының өкілдері әкелініп, жапон тұтқын­дарымен бірге Қызылорда плотинасын салуға атсалысты.