Қала әкімінің орынбарасы Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы статистикасы мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен сәйкестендіру мәселесі бойынша жиын өтті.
Жиын барысында қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Пакуатдин Шамұратов аталған тақырыптағы өзекті мәселелерді ортаға салды.
Қала әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы кент және ауылдық округтердің әкімдеріне елдімекендегі шаруашылық бойынша есепке алу дерегін «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтермен сәйкестендіру жұмыстарын өзектендіру мақсатында ветеринарлармен бірігіп жұмысшы тобын құруды тапсырды.
Айта кету керек, алдағы күндері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша деректер мен ресми статистикалық ақпараттарға тұрақты талдау жүргізіліп отырады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<