Детектив шығармалар байқауында жеңіске жетті

660

0

Биыл алтыншы мәрте өткізіліп отырған Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауында жерлесіміз, жазушы-журналист, өлкетанушы Тұрақ Адисұлы жүлделі екінші орынды иеленді.

Оның байқауға ұсынған «Бандыны қуған Хамит» деректі хикаятын таяу уақытта фейсбук әлеуметтік желісінен оқи аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік былтырғы байқауда қаламгердің «Оралманның ойраны» атты шытырман оқиғалы әңгімесі жүлделі үшінші орын алған болатын.

Тұрақ Адисұлы Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауына Қызылорда облысынан екінші рет қатысып отыр.

Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<