Қауіптілігі жоғары препараттардың еркін айналымына тыйым салынды

496

0

Қауіптілігі жоғары препараттардың еркін айналымына тыйым салынды Қазіргі уақытта жәндіктер мен кеміргіштерді жою қызметі лицензиялауға жатпайды. Көрсетілген салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын нақты біліктілік талаптары жоқ. Сондықтан дератизациялау, дезинфекциялау қызметтерін арнайы оқудан өткен кәсіби мамандары бар ұйымдар ғана емес, сонымен қатар тиісті нұсқамадан өтпеген адамдармен және өңдеу үшін беймәлім препараттарды пайдаланатын «кездейсоқ» ұйымдармен де көрсетілуі әбден мүмкін.

Бұдан бөлек, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарыныңсауда сөрелерінде еркін, бақылаусыз сатылуы тұрғындардың зиянкес жәндіктерге қарсы өңдеу жұмыстарын өз бетінше жүргізуге алып келеді. Соның салдарынан соңғы кезде уытпен уланудан болған өлім жағдайлары жиілеп кетті. Себебі тұрғындарда дезинсекциялау құралдарын дұрыс пайдаланудағы арнайы дағдылар жоқ, жеке қорғаныш құралдары пайдаланылмайды, жағымсыз әсерлері мен уланудың алдын алу шаралары көп жағдайда ескерілмейді.

Жыл басынан бері елімізде дезинсекциялау, дератизациялау препараттарын дұрыс қолданбау салдарынан уытты затпен уланудың 11 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 жағдай өліммен аяқталған(Маңғыстау облысында 8 жағдай, Шымкент қаласында 3 жағдай, оның ішінде 1 өлім жағдайы).

Осы орайда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында1,2,3-қауіптілік сыныбына жататын дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын халыққа еркін өткізуге тыйым салатын Қаулы шықты.Қаулыға сәйкес  Департамент мамандары сауда нүктелеріндегі  құжаты жоқ,  күмәнді дезқұралдардың сатылмауы,  олардың ауыр салдарлары мен қауіпіздік шаралары туралы ақпарат беретін санитарлық-ағарту жұмыстарын бастап кетті.

Гүлмира Сыздықова, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

– Тітіркендіргіш әсері бар және аллергиялық реакциялар тудыратын препараттармен жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын арнайы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бар. Препараттарды қатаң түрде қауіпсіздік сыныбына байланысты қолдану керек. Мысалы қауіптілік дәрежесі 1-сыныпты болса, жабық үй-жайларда пайдалануға рұқсат етілмейді. Қауіптілігі 2-сыныпты препараттарды білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде және тұрғын үй-жайларда пайдалануға рұқсат етілмейді. Орташа қауіпті құралдарды (3-сынып) оқытылған персоналдың кез келген типтегі үй-жайларда және тұрғындардың тұрмыста, бірақ қолдану шарттарының міндетті түрдегі регламенттеуімен пайдалануға рұқсат етіледі; қауіптілігі аз құралдарды (4-сынып) қолдану саласын шектемей пайдалануға рұқсат етіледі. Дезқұралдарды сатып аларда міндетті түрде атауына, қауіптілік дәрежесіне, жарамдылық мерзіміне, мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті ақпараттардың және құжаттарының бар болуына, нұсқаулығына назар аударуға кеңес береміз. Ал улау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мамандардың қызметіне жүгінуді жоспарласаңыз, штатында әр 5 жыл сайын кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігер қарағанға дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өткен дезинструктор, дезинфектордың болуына, құжаттарының болуына назар аударыңыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<