Диалог алаңындағы кездесу

551

0

«Рухтастар cases» диалог алаңында «Болашақ» университеті студенттерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттермен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Диалог алаңының спикерлері «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы М.Жорабек, облыстық «Жастар ресурстық ортылығы» КММ директоры Т.Тілес және «Business start» кәсіпкерлік орталығының басшысы Ж.Түбекбаев оқу орнының білім алушыларымен еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттары туралы пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.

Жолдауда айтылған бағыттар бойынша нақты міндеттер айқындалған. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістерде жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, келесі жылдан бастап 100 мың жасты еңбекпен қамтитын түрлі шаралар жүзе асыру жоспары тұр. Сондықтан мемлекеттің дамуына, көзделген реформаларды іске асыруға жастар атынан бірге үлес қосумыз керек,  – деді  Т.Тілес.

Өз кезегінде сөз алған «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы М.Жорабек «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІV съезінде қабылданған жаңа саяси тұғырнамаға тоқталып өтті. Ол негізгі идеологиялық құжат дамудың негізгі бағыттары мен саяси бірлестіктің принциптерін көрсететіндігін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<