Дидахмет Әшімханның «Ақыл тіс» әңгімесіндегі ұлттық құндылықтар көрінісі

592

0

Кез келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек.  Сол мүдделерді сақтау – біз сынды жастардың міндеті. Тәуелсіздігіміздің баянды, елдің мәңгі, ұрпақтың зиялы, болашақтың айқын, келешектің кемел болуы үшін ең қажетті саналатын дүниелердің бірі де бірегейі – ұлтымыздың құндылықтары. Бұл құндылықтарды бойымызға қалай сіңіреміз?

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді». Ал сол өткеніміздің ұлт болып сақталудағы алғышарты – біздің ұлттық құндылықтарымыз. Тіл, діл, мәдениет, салт-дәстүр, ар-ұят, отбасы мәселесі, тәлім-тәрбие, қонақжайлылық, кішіпейілдік, қамқорлық сынды ұлтымыздың басты қасиеттері – біздің ұлттық құндылықтарымыз. Аталмыш құндылықтар – жалмауыз жаһандануға жұтылып кетпеудің бірден-бір кепілі.

Қазіргі қазақ прозасында бұл мәселе төңірегінде біраз дүние жазылып жүр. Құндының құнсыздануына қалам тартып жүргендер де жетерлік. Мәселен, Дидахмет Әшімхан, Дулат Исабеков, Тынымбай Нұрмағанбетов сынды аталарымыз, жас буын өкілдерінен Алмас Нүсіп, Дархан Бейсенбеков, Ерболат Әбікен сынды жазушыларымыздың шығармалары ұлт құндылықтарын насихаттап қана қоймай, оның бүгінгі таңдағы көрінісін айқын ашып беріп отыр. Осы мәселенің майын тамызып, құрғақ сөздің нәрін таба біліп, сол арқылы құлақ құрышына құнарлы құндылықтарды құйып, қазіргі қазақтың қаннен қаперсіз қалпының құндының құнсыздануына қаншалықты әсер етерін қағылған қазықтай етіп жеткізіп берген жазушы – Дидахмет Әшімхан.

Дидахмет Әшімхан әңгімелерінің қай-қайсысы болмасын тұнған ұлттық менталитет, ұлттық мінез, қазақы тәрбие… Жазушы қаламынан туған тағы бір ұлттық ерекшелігі аңқып тұрған шығармасы – «Ақылтіс» әңгімесі. Қазақ жұртының бір қасиеті – балажандылығында. Өзге ұлт өкілдері сияқты итті бауырына салып ұйықтап, шошқадан бастап, мысығына дейін еркелете жөнелетіндердің қатарынан емес. Бұл да бір ұлттық ерекшелігіміз-ау шамасы. Ұрпағым аман болсын, мен көргенді ол көрмесін деп қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай әр баласын алақанында ұстайтын ананың қадіріне жетіп жүргендер көп емес-ау бірақ. Шығарманың өн бойы астарға негізделген. Оқып отырып күлкі арсыз демекші, езу тартып қоятын үзінділер де кем емес. Қысқасы, шығармасы желісі былай басталады: «Дені дұрыс баланың қасқа тісі алты айлығында-ақ қасқайып шыға келуші еді. Ал Алматик алты жасқа келсе де аузында не қасқа тісі жоқ, не басқа тісі жоқ»… Оның себебі – қызылиектің жыртылмауында. Маңдайға біткен жалғыз ұл, жалғыз тұяғына керек болса, пейіштің асын да тауып беретін ата-анасы балаларына бір жасқа келгенше  ана сүтін берген, екі жасқа келгенше құйрық май сорғызған, үш жасқа келгенде қаймақ, кілегей жұтқызған, ал енді алты жасқа келгенше тек торт жегізіп жүр… Мұндағы тағы бір қазаққа ғана тән мінез жатыр. Сол бала алты жасқа келгенше күтпей, ең болмаса үш жасында барса нетті дәрігерге? Сол баяғы: «Бұйырған күні» деген тіркес дайын тұрады. Әлі де бармас еді, тек тіс шықпаған соң тілі шықпай, анасының әбден шамына тиген.  Тегінде, ақырзаманның баласы аласа туады, етегіңе жармаса туады деген де рас-ау. Қазақ баласының момындығының көрінісі бұл әңгімеде керісінше берілген. Ол да тәрбиеден келіп отыр. Дәрігердің: «Мына қызыл иекпен қалай аштан өлмей жүрсің?» дегеніне: «Өймейім. Мамам тойт шатып бейеді» дегеніне қарағанда, отбасында «Тортпен асырасам да өлтірмеймін» деген әңгіменің көптеп айтылары даусыз. Бір әйел көлденең көк аттыдан: «Баланы қай уақыттан бастап тәрбиелеген дұрыс?», – деп сұрақ қойған екен. сонда ол әйелдің баласының жасын сұрайды. Бір апта енді толған екен. Сондағы жауабы: «Сіз тура 9 ай, 1 аптаға кешіктіңіз» деген екен. Баланы құрсаққа біткеннен бастап тәрбиелеу керек. Бес жасқа дейінгі тәрбие – өле-өлгенше алдынан шығады да отырды, шығады да отырады. Әсілі, қызға ырық үйден тыйым, әкенің балаға, ананың қызына берер ең асыл дүниелері – тәрбиесі емес пе? Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды. «Балаң адам болсын десең, балаңа шын жаның ашыса, оған 2 есе аз ақша жіне 2 есе көп уақыт жұмса» деген ойдың жөні бар. Өмірдің торт сияқты тәтті ғана кезеңдері бар деп ойлар енді… амал нешік? Сонымен не керек, аузына каучук сақинаны тағып алды да жүре берді. Бір жылдан соң маржандай тістері тізіліп шыға келді. Тіс шыққан соң тілі де шыға келді. Тілі шыққан соң мінезі де шыға келді. Осы ретте Шәкәрім атамыздың: » Сөзіңді түзе, әдебің қалыптасады. Әдебіңді түзе – мінезің қалыптасады. Мінезіңді түзе- тағдырың қалыптасады» дегені ойға орала кетеді». Расымен, «басқа пәле – тілден», «Он күнәнің тоғызы тілден» дегенді дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сөздің ретін біліп, арлылық-әдептіліктің тізгінін жоғалтпай, мұсылман адамға тән – көркем мінезді болып, әдемі өмір сүруге не кедергі екен өзі? Тағы да тәрбие. Тегінде, отбасы құндылығының орны ең маңызды құндылық болып отыр. Әкенің орны – төр. Үйде де, жүректе де. Қазақта әкеге қарап сөйлеген, әкенің айтқанынан аттаған баланың оңғанын көргеніміз жоқ. Ең ақырғысы, баланың досын да әкесі бар отбасынан болғанын жақсы көріп тұрады емес пе кез-келген ата-ана? Шығарманың кішкенай кейіпкері әкесі «кредит», «дебит» деп жұмыс жасап отырған уақытында: «Кредит, дебит, папа – бредит» деп қойып қалуы жүректі зыр еткізеді. Ол ол ма, баласына қабақ шытып, әп-сәтте орнына қоятын әкені де байқамадық. баласының тілі шыққанына риза боп: «Молодец! Алматик әлі зор поэт болады», – дейді. Бала көргенін жасап жүр екен ғой деәсіз әрі қарай оқи отырып. Шешесі де жұлып алғандай: «Енді не, поэт болмай, дармоедболады» дейсің бе?», – деді сонан соң. Ерді ер, «Бәке,сәке» қылатын, екі жаққа бірдей сыйлы қылатын, балаларға әкенің орнын білгізіп, тәрбие беретін – әйел. Әрине, еріне шапылдап тұрған ананың баласы қандай тәрбие алды, соны көрсетіп отыр. Сондықтан, ұзын арқан кең тұсау болмай, отағасы ұғымын шаңырақтың ұйытқысы болып отырған ақ жаулықтылар дұрас жолда болса игі еді.Қызық алда. Он екіге келген Алматиктің сүт тісінен дым қалмай, сүйек тісін күтуден басталды. Әлі шығар емес. Сүйек тісі жоқ адам сүйекті сөз сөйлей ме? Алматик тағы да тілін шайнады да қалды. Өйістіп жүріп он төртке келгенінде қайта тіс дәрігеріне баруға тура келді. Алма мен торттан өзгені көрмеген аузы ащы астан құр қалған екен. енді пияз бен сарымсақты қызылиегі қуырылып қалса да жеу керек.  Тілекпенен ер көгерер демекші, ана тілегі қайта қабыл олды. Тісі шықты, үп-үлкен боп есі кірген алматик тісі шыға салысымен әкесі шатып беген мотошикліне мініп, гитаясын асынып алып, үй көрмей көше кезіп кетті. Әңгімені осылай аяқтай салуға болар еді. Қорытынды жақсы шығып тұр емес пе? Бірақ қаламынан шедевр шығу керек жазушы олай бітіре салуы мүмкін емес. Арғысы тіпті керемет. Әкесі: «Япырай, осы бала поэт болмай, дармоед болмаса етті!» деп қиналды. Не пайда? баланы жастан деген қағиданы жіберіп алды. Бұл жерде құнсыздану басымырақ. Ұлттық мінездің әлсіреуі. Әкенің баласын олай да бұлай тәрбиелеп алуына қауқары жетеді. Абай атамыз: «Мінезді жөндеуге болмайды деген адамның тілін кесер едім» дегені тағы бар. Тура жолға бет бұруға еш уақытта кеш емес. Бірақ олай жасамады.

Анасының: «Қойшы әрі, ақыл тісі шыққан соң ақылы да кірер» деген үмітті сөздерінен кейін оқырманда да үміт пайда болады екен. Ендігі жерде күллі оқырман осы отбасыға тілекші. Дегенмен, арада тағы бір жыл өтті, Алматиктің ақыл тісі көрінбейді. Жасы жиырма сегіздегі жігітті анасы жетектеп тағы да дәрігерге апарды. Дәрігер ұзақ қарады. Сосын ұзақ басын шайқап тұрып: » Балаңыздың ақыл тісі баяғыда шығыпты. Бірақ…қанқұрткеміріп қойыпты»… Анасы күрсінді… Баласы ыржиды…

Жан-дүниенің астан-кестен болғаны қандай жаман? Үмітті құрт жеді. Шіріген сана көрінісі. Ұлттық санадан мақұрым болған соң батыстың былығына былғанған сананы құр қауашақ бас пен тәрбиемен сусындалмаған қатігез жүректен шыққан шыққан құнсыздық құрты жеп қойғаны белгілі. Деталь – тіс. Қорытынды – ақыл тіс. Дидахмет Әшімхан қаламына таңданып бола алмаспыз. Бүгінде насихаты аз жазушыларымыздың берері мол шығармаларын қалайша танытсақ екен? Ақыл тісім түгел азамат ретінде ойланып көрейін.

Нурмухаммед Алдонгаров ,

№277 мектеп-лицейінің

6 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Серикова Т.С.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<