«Ділім» кітабының тағылымы

3874

0

Сурет: ашық дереккөз

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында көрнекті қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына  орай «Ділім» кітабы талданды.

Мұрат Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын үлгі ете отырып, жастар арасында рухани-мәдени және жалпы адамзаттық  құндылықтарды насихаттау мақсат еткен шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Құдайбергенұлы, Қызылорда «Ашық» университетінің «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінің  аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Т.Медетбаев  қатысты.

Қонақтар ғалымның қазақ әдебиетіне қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және жаңғыртуға қосқан орасан зор үлесі туралы айтты. «Ділім» кітабының қазақ халқының әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөлін, жаһандану үдерісінде ұлт ретінде сақталып қалудағы міндеті мен парызын терең сезініп, түйсінуге тигізетін әсері туралы айтты. Оқырмандар назарына «Замана заңғары»  атты кітап көрмесі ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<