Димаш Құдайбергеннің дауысы алғаш рет Уругвай радиосында шырқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.
25 сәуірде Уругвайдың Maxima FM 97.7 радиостанциясында Димаштың «Together» синглы шырқалды.
Бұл – қазақстандық әртістің Уругвай радиосындағы алғашқы таратылымы.
Maxima FM 97.7 – Уругвайдың Нуэво Пайсанду қаласында орналасқан танымал радиостанция.
Радио елдің соңғы жаңалықтары мен қызықты оқиғаларын, сондай-ақ әртүрлі жанрдағы музыканы таратады.
Димаштың інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған «Together» соңғы шыққан композициясы уругвайлық Dears-тің белсенді сұрауларының арқасында «Los recomendables» бағдарламасында орындалды.
Радио жүргізушісі Эмина Димаштың Уругвай фан-клубына қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтып, оны осындай таңғажайып әртістермен мүмкіндігінше жиі таныстыруды өтінді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<