Дінсіз тәрбие-тамырсыз көшет

1050

0

Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапханада «Ықсанов атындағы полетехникалық колледж студенттер қатысуымен «Дінсіз тәрбие-тамырсыз көшет» тақырыбында дін өкілдері, дінтанушы, психологпен дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты – жас ұрпақты асыл дініміз туралы көбірек мәлімет бер, қоғамды тәрбиелеуде хақ дінінің дұрыстығына сеніп, дәріптеу,тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білуге баулу.

Шараға Тасбөгет кентіндегі «Құддыс Ишан» мешітінің бас имамы – Бисен Мұстафа, «ORDA»жоғары колледжінің педагог ұйымдастырушысы, дінтанушысы, және психолог, БҰҰ балалар қоры ЮНИСЕФ-тің ұлттық мастер тренері, Европалық Психиатриялық Ассоциация мүшесі Юн Феруза Рахымқызы қатысты.

Басқосуда асыл дініміздің қазіргі жағдайы, ел ішіне іріткі салып жүрген жат пиғылды ағымдар, ішкі тұрақтылық пен келісім және тағы басқа өзекті мәселелер сөз болды. Алғаш болып сөз алған «Құддыс Ишан» мешітінің бас имамы – Бисен Мұстафа, сабырлық пен момындық қазақпен біте қайнасып кеткенін, сондай-ақ, халқымыз қандай жағдай болмасын Алланы ұмытпағандығын айта келе, қазіргі жетістігіміздің өзі төзім мен толеранттылыққа тікелей байланысты екенін тілге тиек етті.

Өз кезегінде сөз алған дінтанушы Алайдар Сануарович діни радикализм, имансыздық алдын-алу жөнінде насихат айтып, бүгінгі ислам атын жамылған секталар жөнінде кеңінен түсіндіріп берді. Жәнеде психолог Юн Феруза Дін мен Діл туралы, дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет екенін тереңнен насихат жүргізе келе,жас үрпақты қайырымдылыққа, мейірімділікке, имандылыққа, Отан сүйгіштікке,еркін сөйлеуге шақырды.

Өзге де сөз алған қонақтардың пікірлері әсерлі, ғибратқа толы болды. Жиын соңында «Ықсанов атындағы политехникалық колледж» директорының тәрбие жөнінде орынбасары Сыздықов Исабек, кітапханашысы Ералина Жарқынай қортындылай сөз сөйлеп, жас жеткіншектер сұрақ-жауапқа ұласып, студент жастар көкейлерінде жүрген сауалдар мен күрмеуі қиын мәселелердің шешімін тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<