Дінтанушы маманның қатысуымен жиындар өткізілді

511

0

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қалаға қарасты Талсуат, Қызылөзек, Қарауылтөбе және Қосшыңырау ауылдық округтерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесулер өткізілді.

Жиындарға ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері, ауыл тұрғындары, қалалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері, қоғамдық келісім төрағалары қатысты.

Кездесуде дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Тышхан Кеңшілік тақырыптық баяндама жасап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<