Диқан шай ішкен самаурын

2864

0

Шиелі ­аудандық Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы  музейінде атадан балаға мұра болып келе жатқан көне жґдігерлер, ұлттық бұйымдар молынан сақталған.

Сондай жәдігерлердің бірі –самаурын. Ыбырай атамыздың өзі ұстап-тұтынған 40 литрлік самаурын – музейдің құнды жәдігерлерінің бірі. 

Тарихқа үңілсек, Ресейге алғашқы самаурынды Петр патша Голландиядан алдырған екен. Кейіннен бұл жерде де самаурын жасау ісі жақсы дамып, фабрикалар салынады. Мамандар самаурын жасау ісі Ресейде XVIII ғасырда жақсы дамыған деп отыр. Мәселен, тек қана Тула қаласының өзінде 1850 жылдары осы бағытта 28 фабрика жұмыс істеген көрінеді. Ал қазақ даласына  самаурын XІХ ғасырдан бастап қолданысқа енген. 

Музейде Ыбырай Жақаевтың  қос басында ұстаған самаурындарынан «Атам шай ішкен самаурын» атты көрме жасақталды.

Мұндағы 40 литрлік самау­рын музейдің құнды жәдігерлерінің бірі екенін жоғарыда айтып өттік. Диқан атамыз күріш егу науқанында егіс басында осы самаурынды пайдаланған. Қос басында осы самаурынмен түскі, бесін уақыттарында шай ішкен. Қауаққа ағарған сусындарын құйып, арықтың ішіндегі суға салып, мұздатып сақтаған деп айтады ауыл қариялары.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<