«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген бабаларымыздың қанатты сөзінде зор мазмұн жатыр. Осы ретте қазалылық диқан ағайындардың да еңбекқорлығы мен істі ұқсата білуі көпке өнеге.
Жыл сайын ерте көктемнен күн көзі жылт етіп, жер жібігеннен кетпенін иыққа салып, атыз жағалап кететін еңбекқор қауым биылда жеміссіз емес.
Баптай білсең, жер жомарт. Биылғы жылы бапталған жерге қазалылықтар 17402 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылын тастаған.
Оның ішінде дәнді дақылдар 6772,майлы дақылдар 263,картоп, көкөніс, бақша өнімі 2364, мал азықтық дақылдар 8003 гектарды құрады. Негізгі егістік– күріштің көлемі 6361 гектарға жетті.
Жыл көлеміндегі егін науқаны жайлы Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай:
– Техникадайындығына орай алдын ала әзірлік жұмыстары атқарылды. Сонымен егін орағына 285 дана техникақатысты. Атап айтқанда, 42 комбайн, 29 жатка, 115 трактор, 40 жүк көлігі және 59 трактор тіркемесі бар.
Күріш орағына шетелдік сапалы, заманауи техникалар тартылды. Олардың қатарына жатка мен комбайынның 24 данасы қосылды. Яғни Джон-Дирден – 8, Класстан – 7, 8-і Магдон және 1-і Торум болды. Осы машиналардың көмегімен егін тез әрі шығынсыз жиналды, – дейді сала басшысы.
Сала басшысының айтуынша, шаруашылықтар бойынша егін жинау науқанына қатысатын техникаларға қажетті қосалқы бөлшектер мен қою май және жағар май қорлары жеткілікті көлемде қамтамасыз етілуде. Бұған орай есеп берген басшы күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан кепілді бағамен барлығы 970 тонна дизель отыны бөлінгендігін жеткізді. Сондай-ақ 633 тоннадизель отыны алынған.
«Балапанды күзде санайды» деген бар. Осы жылы егілгенауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды.Бір қуантарлығы, бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары.
Нақтыласақ, 303 гектар бидайдан 114,9 тонна өнім алынса, 78 гектар арпа дақылынан 20 тонна өнім жиналды.Мақсарыдан 248 гектар барлығы 46 тонна, 15 гектар күнбағыстан24 тонна, 30 гектар тарыдан 66,8 тонна өнім шығарылды.
Сондай-ақбиыл егілген 970 гектаркөкөністен13580 тоннаөнімге қол жеткіздік.Бұдан бөлек1064 гектарбақшадан16386 тонна 330 гектар картоптан барлығы 4851 тонна өнім жиналды.
Аудан бойынша 6361 гектардан күріш толығымен жиналып, ел қамбасына 24171 тонна астық құйылды.
Жалпы Сырдарияның жылдан жылға аңқасы кеуіп, табаны көрініп бара жатқан көпке белгілі. Осыған қарамастан 2022 жылы орын алған су тапшылығына қарамастан аудан дихандарының мол тәжірибесімен және ала жаздайғы маңдай терлерімен жауапкершілігі арқасында күріш өндірісін табысты аяқтады.
Мал азығын дайындау барысында 102 мыңтонна шөп әзірленді. Бүгінгі күні95 мың тонна мал азығы сақадай сай тұр.
Күтімге алынған4291 гектар жоңышқаның екі орымынанжақсы мал азығы орылып, 12636 тонна шөпшықты. Шаруашылықтар 2023 жылдың егісі үшін өз өнімінен 1750 тонна күріш, жоңышқа 32 және 4,2 тонна мақсары тұқымдарынсақтап қойды.
Мұнымен қоса 41 тонна жаздық бидайжәне 18 тонна сүрлемдік жүгері дақылының тұқымдарын сырт мекемелерден сатып алу жоспарлануда.
Ж.ТАБЫНБАЕВ,
Қазалы ауданы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<