«Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары»

683

0

Елбасы 2018 жылғы халқына арнаған Жолдауында жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басқанын дөп басып атап өтті. Бүгінгі заман талабы халықтың тұрмысын, ой-өрісін, хал-ауқатын дамытуға жағдай жасайтын технологияларды тиімді пайдалану болып отыр. Бұндай алға қадам басушылық дамыған мемлекеттердің қатарына ілігу үшін жасалып отырған жаңа мүмкіндіктер. Бұл әлемнің дамыған 30 елінің қатарына аз уақыттың ішінде кіру үшін тарихи мүмкіндік. Осыған байланысты Елбасымыздың жыл сайын жүйелі түрде жоспарланатын биылғы  жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп атала отырып,  бүгінгі күнгі өте маңызды, әрі негізгі он саланы санамалай отыра жүйелеп берді. Елбасымыздың жыл сайынғы жолдаулары – Қазақстанды дамытуға бағытталған қозғаушы күштің ең маңызды түрлерінің бірі.
 «Мен бұл өнеркәсіптік революцияны тұрғындардың біліктілік деңгейін арттырып, ескіше ойлаудан босатып, жаңа серпінді дамып келе жатқан қоғамға дайындап, оның цифрлық қажеттілігімен индустриалдық қоғамды белсенді құрудың заңды дәуірі ретінде көремін» деп атап көрсетті ол.
Бұл жолдаудың негізгі міндеттерінің басым бөлігі өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласына байланысты. Сол себепті, әр адам цифрлық технологиялар мен шығарылып жатқан өнімдердің тұтынушысы болғандықтан, ең біріншіден – қоғамды ақпараттандыру басты міндет болып отыр.
Осы орайда, Әдiлет органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі азаматтардың құқықтық санасын арттыру, заңнаманы құқықтық түсіндіру және халық арасындағы құқықтық насихатты арттыру бойынша жұмысын жүзеге асыру болып табылады. Аталған міндеттер халықтың құқықтық ақпараттандырылуын және сауаттылығын арттыруға бағытталған. Осыған байланысты жергілікті және республикалық газеттерде мақалалар, ақпараттар басылып шығарылады, «дөңгелек үстелдер», «әділет органдары кеңес береді» акциясы,, «ашық есік» күндері, семинарлар өткізу,   мектептерде, ұйымдарда, дәрістер оқу тәжірибесі кең тараған.
Жалпы, әдiлет органдарының мiндеттерiне жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу; Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету; заңды тұлғаларды, нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу, құқықтық көмектi және заң қызметтерiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру; құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру; атқар ушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жатады.
Әдiлет органдарының қызметi заңдылық; қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау; жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;  саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу; әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.

Ж.Шаймерденова,

Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<