Бүгінгі таңда дүние жүзінің дамыған елдеріндегідей елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қызмет көрсету – қазіргі уақыттағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізілуде.
Азаматтар мемлекеттік қызметті үйінен шықпай-ақ қол жеткізе алу – ол электронды қызметке ие болуының қолайлылығын білдіреді және қызмет алушы мен қызмет берушінің арасындағы байланыс болмаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлықты жою ретінде оң нәтижесін көрсетіп келеді.
Бүгінде тіркеу рәсімдерін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар, қағазбастылықты жою мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде көрсетіледі.
Әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері: заңды түлғаларды тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, сондай-ақ, нотариаттық, адвокаттық және жеке сот орындаушылар қызметтерімен айналысуға құқық беретін лицензиялар алу үшін аттестаттау сатыларын өткізу қызметтері жүзеге асырылады.
Бүгінде Елбасымен ұсынылған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін оңтайландыру, мерзімі мен құжаттар тізбесін қысқарту, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру мақсатында дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесі зерделенуде.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданаралық Әділет басқармасымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халыққа үнемі құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша насихаттау жұмыстарымен аудан тұрғындары қамтылуда. Мемлекеттік қызметті насихаттау мақсатында Әділет басқармасымен газет бетінде мақалар жарияланып, семинар, дәрістер, дөнгелек үстелдер жиі ұйымдастырылуда. «Ашық есік» күні, «Әділет кеңес береді» акциялары тұрақты өткізілуде.
Мемлекетімізде Әділет органдарының да мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті орган ретінде қосқан үлесі зор.
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер деңгейін жоғарылату Әділет органдарының міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды түрі болып, мемлекеттік органдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттырары сөзсіз.
Ә.Қожантаев,
Жаңақорған ауданаралық Әділет басқармасының бас маманы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<