ДІН –ДӘЙЕК, ДӘСТҮР –ҚҰНДЫЛЫҚ

304

0

  Жалағаш ауданы, Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары: өңірлік тәжірибе және проблемалар» тақырыбында семинар өтті. Жиында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы, республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі А.Әкімханов осы тақырыпта хабарлама жасап, көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі, терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері, дінтану пәнінің мұғалімдері және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысқан шарада қоғамдағы діни көзқарас, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, жалпы дінге деген сенім мен күмән төңірегіндегі мәселелер кеңірек талқыланды.

                                                                      Ғ.ӘБІЛДА,

                                                                     «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<