Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 2 маусым кешімен салыстырғанда 0, 49 теңгеге құлдырап, 1 доллар 427, 81 теңге болды. Ұлттық банктің 3 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,14 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428, 89 теңге, сатып алу – 427, 40 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 428,53 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 427, 43 теңге.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<