Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді

501

0

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 478,77 теңге болып, 0,29 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, Ұлттық банктің 21-23 қазандағы ресми бағамы бір доллар үшін 479,40 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 478,44 теңгеге, сату – 480,71 теңгеге тең. Астана ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 475,95 теңгеден сатып алады, 481,01 теңгеден сатады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<