«Домбыра үйрену» бұл – бөлек пән емес – Ұлттық білім академиясы

1124

0


«Домбыра үйрену» бұл – бөлек пән емес, 6 сыныпқа оқытылатын «Музыка» пәнінің мазмұны, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына сілтеме жасап.

«Елордада педагогтердің Тамыз кеңесінде әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру кезінде мектептің «Музыка» пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы мәселе көтерілді.

Кейбір БАҚ өздерінің ақпараттық материалдарында мектепте «Домбыра тартуды үйрену» атты жаңа пәннің енгізілетінін айтқан. Шын мәнісінде, бұл – бөлек пән емес, 6 сыныптарға оқытылатын «Музыка» пәнінің мазмұны», делінген хабарламада.

Яғни, егер қажетті ресурстар бар болса, осы сынып оқушылары «Музыка» пәнінің мазмұнынан екі нұсқаның бірін таңдай алады: бұрынғы бағдарламамен немесе домбыра тартуды үйрену курсы бойынша оқу.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<