«Донор бол» акциясы өтті

871

0

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы мамандары облыстық қан орталығымен бірге «Донор күні» акциясын өткізді.

Іс-шара барысында медицина қызметкерлері донор болып, қан тапсырды. Статистикаға сүйенсек, әрбір үшінші адам өмірінде кем дегенде бір рет донорлық қанға мұқтаж деп айтуға болады.

Елімізде жыл сайын екі жүз мыңнан астам қазақстандық донор болып жүр, олар бір жылда үш жүз алпыс мың рет қан тапсырады.

Басты қойылатын талаптар дене салмағы 50 келіден басталуы керек. Қыздар мен әйелдер үшін циклі аяқталғаннан кейін кем дегенде 5 күн өтуі тиіс. Жүктілік уақытша медициналық босату болып табылады, бала емізушілер де 1 жылға дейін қан өткізе алмайды.

Мына көрсеткіштері бар тұлғалар донор бола алмайды: АИТВ-инфекциясы, В және С вирустық гепатиттері, паразитарлық аурулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, туберкулез, гормоналды аурулар, жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік аурулары, органдарын алып тастау, мүгедектік және тағы басқалары.

Донорлық қан ауыр оталар, онкологиялық аурулар, қан аурулары, жол көлік апаттары мен төтенше жағдай кезінде жарақат алған науқастардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<