Бүгін «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай, облыстық қан орталығында «Мен – Отанымның патриотымын» ұранымен донорлар акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға 70-тен аса ерікті донорлар қатысып, қан тапсырды. Оның 40-тан астамы тұрақты донорлар болса, 30-ы алғаш рет донор атанғандар.
Аталған шараға қатысушыларға мерекеге орай, сый-сыяпат көрсетілді.
Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<