«Досымды ешқашан тастамаймын»: Илья Ильин Алмас Өтешевті ауруханаға жатқызды

153

0

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Бұл туралы Илья Ильин Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында айтып берді.

«Алмас – менің досым. 14 жастан бастап бірге жаттыға бастадық. Кейін ол менің командама қосылды. Артынша құрамасынан кетті. Мені алғашқылардың бірі болып қолдаған да Алмас еді. 10 жыл араққа салынып кетті. Сөздерінің жаны бар, өкпесін де білемін. Біз оны тауып алып, қазір ем алып жатыр. Федерация да қолдау көрсетіп жатыр. Оған мен емес, саған халық көмек көрсетіп жатыр, қазір емделмесең кеш болады деп түсіндірдім», –  дейді Илья Ильин.

Ильин қазір досының ем алып жатқанын айтты.

«Мен досымды ешқашан тастамаймын. Ол 5 ай емделуі керек. Арақты тастаса жақсы болар еді. Біз оны аяққа тұрғыздық. Оның қоғамға үлес қосқанын қалаймыз. Емнің алғашқы кезеңі аяқталды. Алдағы уақытта мен онымен сұхбат жүргіземін. Алайда берген сұхбатының 50%-ы жалған ақпарат», – деп қосты спортшы.

Бұған дейін Азия чемпионы Алмаз Өтешов «Уақыт көрсетеді» подкастында қиын кезеңдерді бастан өткергенін айтқан еді. Оның қазір күзетші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<