Өкпе қабынуына ПТР тестілеу арқылы анықталмаған жаңа коронавирус себеп болды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz
«Қазақстанда ауыр пневмониялардың (қоздырғыштардың табиғаты) дамуына тудыратын себептерді анықтау мақсатында ковид тәрізді пневмонияның этиологиясын, оның ішінде ағзаға басқа мүмкін қоздырғыштардың – вирустар мен бактериялардың болуын анықтау мақсатында пилоттық зерттеу жүргізілді. Бұл ретте, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар қалаларында компьютерлік томографияда COVID-19 клиникалық белгілері бар екіжақты ауруханадан тыс пневмониясы бар адамдар тексерілді», деді Алексей Цой.
Оның айтуынша, Зерттеудің алдын-ала нәтижелері бойынша пневмониямен ауыратын науқастардан алынып сыналған үлгілердің ешқайсысы А және В тұмауының вирустарына, сондай-ақ тұмау емес инфекцияларға оң нәтиже көрсетпегені анықталды.
«Осылайша пневмонияға ПТР тестілеу арқылы анықталмаған жаңа коронавирус себеп болды. Орташа және ауыр пневмониямен ауыратын науқастардың шамамен үштен бірінде пневмониямен байланысты белгілі бір бактериялар анықталды. Сонымен қатар, бактериялық инфекцияның болуы аурудың ауырлығына байланысты болды. Аурудың ауыр түрімен ауыратын науқастардың бір бөлігінде бактериялық инфекция аурудың ағымын ауырлататын жаңа коронавируспен инфекцияға қосылады (стрептококктар, стафилококктар, клебсиеллалар және т.б.)», деді министр.
Айта кетейік, елімізде коронавирусқа байланысты тұрғындар арасында өкпе қабынуы артып кеткен болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<