Қазгидромет 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен орталығында жауын, қар жауады. Сондай-ақ ол аумақта желдің күшеюі және көктайғақ сақталады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұманды болады, солтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігін тұман басады, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстігі мен орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман болады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
BAQ.KZ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<