Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кіргендерге айыппұл салынады

919

0

Дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірген адам әкімшілік жауапкершілікке тартыла ма? Бұл сұраққа Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшеге шығып жүгіруге, серуендеуге болады. Үш адамға дейін жүргендерге ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Тіпті сіз далаға маскасыз шықсаңыз да ешқандай жауапкершілікке тартылмайсыз. Алайда егер дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірсеңіз, жауапкершілік болады. Өйткені ол – жабық нысан», – деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Қазақстанда қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылған болатын.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы кезеңге бірқатар нақты міндеттеме белгіледі. Қатаң карантиндік шаралардың екінші аптасы өтіп жатыр. Вирустың таралуы бойынша жағдай күрделі. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдап отырмыз», – деді Премьер-министр Үкімет отырысында.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<